top of page

       Артына асыл мұра – ғажайып сұлу әндер қалдырған – талантты сазгер, орындаушы-аспапшы, әнші, эстрада артистерінің республикалық конкурсының лауреаты, “Жігер” фестивалінің жеңімпазы, Қазақстан Респбликасының еңбек сіңірген қызметкері – Жақсыкелді Сейілов.

                Сұлулықты, өмірге құштарлықты, адамгершілікті мұрат тұтқан жанның асыл бейнесі оның артына қалған әндері арқылы халқымен қайта қауышып, жүздесіп жатыр.

                Жақсыкелді Сейілов – тағдыры да, таланты да айрықша, өзгеге ұқсамайтын дара тұлғаның бірі. Жезқазған аймағын отыз жылға жуық әсем әнімен, биік азаматтық келбетімен қуантқан, тек өз жерлестерінің ғана емес, иісі қазақ баласының қадір тұтар азаматы болған.

               Жақсыкелді Сейілов дарынды сазгер әрі бұлбұл үнді әнші еді. Оның жүрегінен музыкалық арнаулы білімі болмаса да талай тамаша әндер туды. Ол өзінің шығарған әндерін алдымен өзі айтып, халықтың жүрегіне жол таба білді.

bottom of page